Кіру / Тіркеу

БІЗДІҢ ЖАҢАЛЫҚТАР

Күн сайын компанияның өмірінде көптеген оқиғалар болып жатады. Бұл бөлім - Қазақмыс тобының, оның кәсіпорындары мен адамдары тарихының айнасы іспеттес. Сіз осы бөлімнің авторы атана аласыз - info@mykazakhmys.kz мекенжайына өз материалдарыңызды жолдаңыздар.

Қиындықтар арқылы - бақытқа

Қиындықтар арқылы - бақытқа

TTT1

Балқашта, Хамзин атындағы Мәдениет сарайының сахнасында, 20-ғасырдың ортасындағы  Алексей  Арбузовтың  айтулы пьесаларының бірі "Таняның"  негізінде  спектакль –  ремейк  қойылды. Қойылым балқаштықтардың өмір-тіршілігіне арналған және көрермендерге жаңа нұсқасында ұсынылды. 
 
 
Қойылымның продюсері – «Қазақмыс Смэлтинг»  ЖШС Бас директоры Әділет  Барменқұлов, идеясы және  сценарий авторы - актриса,   театр педагогы Вероника Насальская, режиссерлық жұмыс  – белгілі актер Қуанышбек Әділов.  
 
TTT2.JPG
 
 
Пьесаның барлық сюжеті классикалық махаббат үшбұрышынан құралған:  Асқар Бейсенбаев – талантты  инженер-конструктор, оның жұмыстағы әріптесі  Диана Шиманова және басты кейіпкер  Жанна –  Асқар Бейсенбаевтың жары – табанды, қайратты және батыл адамдар. Олар өмірдің барлық сынақтарынан өтіп, соңында баянды бақыттарын табады.  
 
TTT3.JPG
 
TTT4.JPG
 
.JPG
 
TTT5.JPG
 
Жанна сюжет бойынша күйеуіне көмектесу мақсатында медициналық институттағы оқуын тастап кетеді,  құрбыларын   жоғалтады. Күйеуінің көзіне шөп салғанын білген соң, одан да кетіп қалады. Осындай тағдырдың ауыр сынағын көтере жүріп, мықты тұлға  болып қалыптасады. Дәрігер болып жұмыс істейді. Абыройлы әрі қайсарлықты талап ететін  мамандық. Пьеса сценарийі бойынша Жанна Балқаш қаласындағы науқас балаға жетемін деп жүріп, боранда есінен танып құлайды. Ал, оны БМЗ металлургтері құтқарып алады. Соның арқасында пьеса кейіпкері науқас баланың өмірін ажалдан арашалап алып қалады.  
 
1Т.JPG
 
Сахнада әртістердің рөлдерін "Қазақмыс Смэлтинг" ЖШС құрылымдық бөлімшелерінің жұмысшылары сомдады. Олар өз рөлдерін жақсы ойнап шықты. Көрермендер ризашылықтарын білдіріп, ду қол шапалақ соқты. 
 
Қойылымның соңында "Қазақмыс Смэлтинг" ЖШС Бас директоры Әділет Барменқұлов және "Қазақмыс Холдинг" ЖШС Директорлар Кеңесінің Төрағасы Эдуард Огай әртістерді құттықтап, оларға шығармашылық табыстар тіледі.
 
.JPG
 
Ләззат Смағұлова,
фото автордікі
 

У вас нет прав для отправки комментариев