Кіру / Тіркеу

БІЗДІҢ ЖАҢАЛЫҚТАР

Күн сайын компанияның өмірінде көптеген оқиғалар болып жатады. Бұл бөлім - Қазақмыс тобының, оның кәсіпорындары мен адамдары тарихының айнасы іспеттес. Сіз осы бөлімнің авторы атана аласыз - info@mykazakhmys.kz мекенжайына өз материалдарыңызды жолдаңыздар.

Қазақмыстың жаңа әлеуметтік жобасы

 

Қазақмыстың жаңа әлеуметтік жобасы

Gip3

Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталатын Жолдауын жүзеге асыру мақсатында, аймақтың ішкі және азық-түлік нарығын зерделеген, әрі өз қызметкерлерінің денсаулығын ойлаған  «Кazakhmys Holding» ЖШС, сапалы және қолжетімді бағада сауда мен қызмет түрлерін заманауи форматта ұсынатын, яғни, моноқалалар- Жезқазған және Сәтбаев тұрғындарын азық-түлік белдеуімен қамтамасыз ететін   аймақтағы жалғыз кәсіпорын - «ULY DALA» жаңа Гипермаркетінің құрылысын салу туралы шешім қабылдады.   
 
Жобаға «Кazakhmys Holding» ЖШС 2 млрд.теңге инвестиция салды. «ULY DALA»  гипермаркеті – сапа мен баға, бөлшек сауда, ассортимент пен сервисті біріктірген жаңа жоба. Жобаның Бас мердігері және операторы - «ПИК «Ютария ltd» ЖШС.
Учаскенің жалпы аумағы - 4 га, құрылыс 7 айда салынып бітті. Нысан қолданысқа мерзімінен бұрын, 2018 жылдың желтоқсанында берілді. Автоматтандырылған құрылғыларды қолдану арқылы тиімді инфрақұрылым жүргізілді: 6 шақырымға созылған электр желісі, 2 шақырымға жуық су құбыры, сондай-ақ, газ, кәріз жүйесі, интернет және телефон тартылды. Гипермаркетті салу кезінде заманауи экологиялық құрылыс материалдары мен конструкциялар қолданылды. Италия, Германия және Ресейден әкелінген озық құрылғылар орнатылды. Заманауи  жарықтар, тегіс құйылған еден, сауда алаңдарына бөлінген аумақ, өндірістік аумақ және тағы да  басқа  нысандар салынды. 
Жобаның мақсаты - алғашқы күннен бастап тұрғындарға  тиімді баға ұсыну. Әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасына тұрақты мониторинг жүргізіліп, жоғары сұранысқа ие тауар түрлері жаңартылып тұрады.  
ULY  DALA  гипермаркетінің қызметіндегі маңызды принциптердің бірі отандық және жергілікті тауар өндірушілермен делдалсыз, тікелей жұмыс істеу. Бұл қағида отандық өндірушілерді қолдау мақсатында, тауар түрлерін жоспарлау  және оларды сатылымға    шығару кезінде де ескеріледі.  
Барлық процесті басқару үшін цифрландыру жүйесі енгізілген. Есепке алу, әлемдік жетекші өндірушілердің өнімдерінің өзіндік құнын есептеу және  ұрлыққа қарсы жүйе заманауи бағдарламалармен жарақтанған. 
ULY DALA гипермаркеті  Жезқазған - Сәтбаев күре жолының бойында орналасқан, 160 000-нан астам адамды қамтиды. Жезқазған, Сәтбаев және Ұлытау өңіріндегі елді-мекендердің  халқы  енді осында ағылары анық. Маусымға және апта күндеріне байланысты күніне 800 ден 3000 дейін сатып алушылар келеді деп жоспарланған.  Гипермаркет клиенттер үшін қолайлы жағдай жасаған, 350 автокөлікке арналған үлкен паркингі бар.             
- Гипермаркетті ашу арқылы 180 жаңа жұмыс орны пайда болды. Бұл аймақ тұрғындарына жасаған біздің жаңажылдық сыйлығымыз, - деді «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарушы кеңесінің Бас директоры Бақтияр Қырықпышев.  
 
Gip.jpg
 
gip1.jpg
 
gip2.jpg
 
 
 
 
 
 

У вас нет прав для отправки комментариев