Кіру / Тіркеу

БІЗДІҢ ЖАҢАЛЫҚТАР

Күн сайын компанияның өмірінде көптеген оқиғалар болып жатады. Бұл бөлім - Қазақмыс тобының, оның кәсіпорындары мен адамдары тарихының айнасы іспеттес. Сіз осы бөлімнің авторы атана аласыз - info@mykazakhmys.kz мекенжайына өз материалдарыңызды жолдаңыздар.

Жезқазған мыс қорыту зауытында екінші кен  қыздыру пеші іске қосылды

Жезқазған мыс қорыту зауытында екінші кен  қыздыру пеші іске қосылды

0T9A2117

«Қазақмыс Холдинг» ЖШС  құрамына кіретін «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС  Жезқазған мыс қорыту зауыты, өндірісті жаңғырту аясында екі бірдей кен қыздыру пешінің (РТП-КҚП)  жұмысын  жандандырды.
 
Естеріңізге сала кетейік, ЖМЗ екі бірдей  пешті толық  қуатта қосуға шикізат көлемінің жеткіліксіздігінен, 2009 жылы   бір пешпен жұмыс істеу режиміне көшкен болатын. 
Бірнеше жылдық үзілістен соң, жаңа пеш толық қуатта  іске қосылды. Оған шикізат қорының ұлғаюы, оның ішінде «Қаз Минералс» ЖШС  жаңа тау-кен-байыту нысандарының  ашылуы себеп болды. 
Пешті іске қосуға дайындық  барысында, қол еңбегінің үлесін азайту мақсатында, кен қыздыру пештерінің шпурларын автоматты ашып-жабуға арналған  ТМТ (Германияда жасалған) бұрғылау машиналары орнатылды.  
Өндірісті жаңғырту аясында жұмыс сапасын арттыру үшін жаңа құрылғылар  алынды. Атап айтқанда, темірбетонды электролизді ванналар полимербетонға (ҚХР жасалған) ауыстырылды. Еңбек өнімділігін арттыру және анодты мысты құю жұмысын үздіксіз атқару үшін анодты қайта бөлу салқындатқыш ванналары (Финляндияда жасалған)  және салмақ мөлшерлеу құрылғылары орнатылды. Сондай-ақ, металлургиялық агрегаттарды салқындатуға арналған жаңа градирня салынды. (Ресейде жасалған)
Мұнан бөлек, күкірт қышқылы өндірісінде металлургиялық бөлініс кезінде шығатын газдарды тиімді эвакуациялау үшін  жиілік түрлендіргіштері бар арнайы желдеткіш қойылды. (Ресейде жасалған). Екінші кен қыздыру пешін іске қосуға дайындық жұмыстары жыл бойы жүргізілді. 
         - ЖМЗ екінші пешінің іске қосылуы 600 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді,-деп атап өтті «Қазақмыс Смэлтинг»  ЖШС  Бас директоры Әділет Барменқұлов. –Екі пеш іске қосылған кезде жұмыс істейтін персоналдың жалпы саны 2 000 адамнан асады. Бүгінде зауыттың жобалық қуаты - жылына 220.000 тонна катодты мыс. Айта  кетейік, ЖМЗ катодты мыс алуда жоғары дәрежеге ие - 98% астам.  
 
ERA_40.jpg
 
ERA_41.jpg
 
 

У вас нет прав для отправки комментариев